06:52 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1115)
1976 0 0

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 1 АЕК немесе 42 500 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді

АЛМАТЫ, 28 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында такси жүргізушілері мен бала күтушілер төтенше жағдай кезінде кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға құқылы. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының өкілі Гүлбағила Болатбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Төтенше жағдайға байланысты бұл адамдардың көпшілігі үйде қалып, қызмет көрсете алмай отыр. Осыған байланысты олар 42 500 теңге төлем алуға өтініш білдіруге құқылы. Олар бар болғаны өтініш қалдыруы керек. Содан кейін біз мәліметтер базасынан төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі 12 айдың ішінде кем дегенде үш айында әлеуметтік жарна аударған ба, жоқ па соны қараймыз", - деді Болатбекова баспасөз мәслихатында.

Төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан айына 1 АЕК немесе 42 500 теңге мөлшерінде жасалады.

"Такси жүргізушілері мен күтушілер 2018 жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем төлеп жүр. Қала тұрғындары ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни Нұр-Сұлтан қаласында тұратындар 2 651 теңге төлейді. Сол себепті олар міндетті әлеуметтік сақтандыру, медициналық сақтандыру жүйесінің, сонымен қатар зейнетақы жарнасының қатысушылары болып саналады ", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Министр көшеде полицей тоқтатса, не істеу керектігін айтты

Сонымен қатар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы филиалы бойынша директоры Дина Баегизова микро және шағын, орта бизнес кәсіпкерлері, жеке кәсіпкерлер, төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған жұмыс берушілер,  жеке практикамен айналысатын адамдар мен бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер де бұл төлемге өтініш бере алатынын айтты.

Әлеуметтік төлемді қалай алуға болады?

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қалай төлем алуға болатынын түсіндірген еді.

"Біріншісі, жәрдемақы төтенше жағдайға байланысты ақысыз еңбек демалысына шыққандарға беріледі. Оның мөлшері – айына 42000 теңге. Бұл шағын және орта бизнес қызметкерлері болуы мүмкін. Олар соңғы жылы мемлекеттік қорға үш рет аударым жасауы керек. Қажетті өтінімді жұмысшы емес, жұмыс беруші береді. Өтінімді аудандық, қалалық жұмыспен қамту штабтары қабылдайды. Әлеуметтік төлем төтенше жағдай аяқталғанша төленеді", - деді министр.

Тағы оқыңыз: "7-20-25" және "Баспана Хит" бойынша ипотека алғандарға төлемді шегеруге болады

Төлемнің екінші түрі жұмыстан шығып қалғандарға беріледі. Олар бір айдан алты айға дейін төлем алуға құқылы. Оларға жоғалтқан табысының 40%-і мөлшерінде жәрдемақы төленеді. Ол үшін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыссыз ретінде тіркеліп, өтініш беру қажет.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1115)

Тақырып бойынша

Алматы облысында жүкті әйел коронавирус жұқтырды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 204 адамға жетті  
Алматыда бір науқас ауыр хәлде жатыр
Мұғалім ауыл тұрғындарына коронавирус жұқтырды деп жала жапқан  
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып