11:39 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1172)
1604 0 0

Нұр-Сұлтан қаласынан Қарағандыға барып, 6 сағаттай сол жерде болған. Содан кейін Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға отырып, Шымкентке жол тартқан

АЛМАТЫ, 1 сәуір– Sputnik. Түркістан облысында коронавирус анықталған науқас Нұр-Сұлтаннан Шымкентке пойызбен келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісай ауданы тұрғынының 27 наурыздан бастап дене қызуы көтерілген. 30 наурызда аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде қаралған. Нәтижесінде әйелден коронавирус табылды. Белгілі болғандай, науқас Нұр-Сұлтан қаласынан Шымкентке пойызбен келген.

"21 наурызда Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағандыға барып, 6 сағаттай сол жерде болған. Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға отырып, Шымкентке келген. Әрі қарай Жетісай қаласына көлікпен жолға шыққан", - делінген ақпаратта.

Науқаспен 16 адам байланыста болған, бес адам Нұр-Сұлтанда, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары. Бұдан бөлек өзге де байланыста болғандар анықталып жатыр.

Ал 1 сәуірде инфекция анықталған төрт науқастың үшеуі Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен жақын байланыста болған, ал төртінші науқас Алматы қаласынан келген.

Қазақстанда коронавирустан үшінші адам қайтыс болды 

Айта кетейік, қазір Түркістан облысында коронавирус бес адамнан табылды.

Қазақстан бойынша науқастардың саны 369-ға жетті.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1172)

Тақырып бойынша

Діни басқарма індеттен көз жұмғандарды жерлеуге қатысты пәтуа шығарды
"Басты тойларымыз әлі алда": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
"Бүгіннен бастап айыппұл саламыз!": ішкі істер министрі халыққа ескерту жасады 
Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, коронавирус, пойыз
Загрузка...

Басты тақырып