11:00 27 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD413.12
  • EUR452.86
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (393)
3422 0 0

Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Оларға мемлекеттің есебінен жұмыста алған орташа жалақысы төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиындарға шақырылған азаматтардың еңбекақысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Мәселен, әскерге шақырылғанға дейін жалақының көлемі 200 000 мың теңге болса, арнайы жиындарда өткізген әрбір айы үшін тура сондай ақша төленеді. Егер адам жұмыс істемесе, онда жалақының төменгі мөлшері – 42 500 теңгені алады", - деді Ермекбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде арнайы жиындарға өз еркімен барғысы келетін жастар аз емес. Оларға негізгі басымдық беріледі.

"Кеше жарлық шыққаннан кейін  бізге адамдар хабарласып, төтенше жағдай кезінде аумақтық әскери бөлімдерге барғысы келетіндерін айтып жатыр. Жастар "үйде жұмыссыз отырғанша, әскер қатарына барып, өз халқыма көмектесейін" дейді. Біз осы шараларға барлығымыз атсалыссақ, қалыпты өмірге тезірек ораламыз", - деп атап көрсетті Ермекбаев.

Тағы оқыңыз: "Birgemiz" қоры қазақстандықтарға 50 мың теңгеден таратып береді

Әскери қызметке шақырылғандар басқа аймаққа ауыстырылмайды. Олар блокбекеттерде, патрульде, дезинфекия шараларына, күзетке және су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылады.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (393)

Тақырып бойынша

Төтенше жағдай кезінде кімдер "аренда" төлемейді
42 500 теңгені электронды цифрлық қолтаңбасыз қалай алуға болады
Бетперде коронавирустан қорғай ма - маман жауабы
Үш айға дейін созылады - әкімдер әскери міндеттілерді жиындарға шақыруы мүмкін
Қорғаныс министрлігі арнайы жиынға кімдерді шақырмайды
Кілт сөздер:
әскерилер, жарлық, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып