16:57 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1044 0 0

Электронды қолтаңбаны Egov.kz порталында алу үшін интернетке қосылған, бейнекамерасы бар компьютер немесе ноутбук керек

НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін ұзарту үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір электронды цифрлық қолтаңбаны Egov.kz порталы арқылы алуға мүмкіндік бар. Егер электронды қолтаңбаның мерзімі өтіп кетсе, жаңасын алуға тура келеді. Egov.kz порталында, тағы да қайталап аламын, қашықтан алуға болады. Ол үшін интернетке қосылған, бейнекамерасы бар компьютер немесе ноутбук керек. Сонымен қатар, азамат өзімен бірге жеке куәлігін дайындап қоюы тиіс", - деді Жұмағалиев онлайн брифингте.

Айта кетсек, бүгінде Egov.kz порталында көрсетілетін қызметтердің дені электронды цифрлық қолтаңбаның көмегімен жүзеге асады.Соның бірі – төтенше жағдайға байланысты кірісінен айырылғандарға төленетін 42 500 теңгеге өтініш беру.

Оқи отырыңыз: Жұмағалиев қанша қазақстандық 42 500 теңге алып үлгергенін айтты

Egov.kz порталында тіркелу үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет.  

Десе де электронды қолтаңбасыз-ақ, бір реттік құпия сөзбен өтініш жолдауға болады. Толығырақ мына сілтемеден біле аласыздар.

Тақырып бойынша

Қазақстандықтардың назарына: 42 500 теңге алу үшін жаңа сайт іске қосылды
42 500 теңгені электронды цифрлық қолтаңбасыз қалай алуға болады
Мамин 42 500 теңгені қанша миллион қазақстандық алатынын айтты
Спортшылар 42 500 теңге төлем ала ма – министр жауабы
 42 500 теңге: премьер-министр қазақстандықтарға есепшот ашуды тапсырды
Кілт сөздер:
электронды үкімет порталы
Загрузка...

Басты тақырып