16:44 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
694210

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экс-басшысы түрмеден босап шыққалы бері карантинге байланысты денсаулығын толық тексертіп ала алмай жүргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев денсаулығына байланысты тәулігіне екі сағаттан артық жұмыс істей алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жұмыс істей бастасам, қан қысымым құбыла бастайды. Қазір жұмысқа қатты қабілетті адам емеспін. Ақпарат алып, оған талдау жасап, қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын ұсыну мен үшін қазір біраз қиындау", - деді Жәкішев Facebook-те бейнебайланыс кезінде желі қолданушыларының Қазақстанда экономикалық жағдайды жақсарту үшін не істеу қажет деген сұрағына жауап бере отырып.

Жәкішевтің айтуынша, елде жарияланған карантинге байланысты толық тексерістен өту мүмкін болмай тұр.

"Карантиннің аяқталғанын күтіп жүрмін. Қазіргі жағдайда біздің медицина тек шұғыл жағдайлар бойынша жұмыс істейді",- деді ол.

Десе де "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы елде коронавирустың салдарынан туындаған дағдарыс 23 жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда ауыр болатынын мәлімдеді.

Тағы оқыңыз: Желіде Мұхтар Жәкішевтің түрмеден шыққаннан кейін түскен суреті жарияланды

"1997 жылы біз мұнай бағасының құлдырауымен бетпе бет келдік. Ол кезде мұнай айтарлықтай арзандады, бірақ ол кезеңде бюджетке белгілі бір кіріс әкелетін экономиканың өзге салалары жұмыс істеген еді. Алайда, дәл қазір мұнай бағасының қатты түскенімен қоймай, Қазақстанның жалпы ішкі өніміне үлес қосатын экономиканың басқа салалары жұмысын тоқтатса, онда қызмет көрсету саласы тоқырап қалады. Қазір бұл салалар мемлекеттің қолдауына мұқтаж. Егер карантин аяқталғаннан кейін бұл салаларға көмек көрсетілмесе, халықтың басым бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді Жәкішев.

Мұхтар Жәкішевтің ісі

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев елордада 2009 жылдың мамырында ұсталды. Оған ірі уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айып тағылды.

Сот процесі жабық өтті. Сот процестері кезінде Жәкішев бірнеше рет өзін жайсыз сезініп, дәрігер шақыртуға тура келген еді.

Жәкішев сот үкімімен кінәлі деп танылып, 14 жылға сотталды.

2018 жылы шілдеде ол Семейдегі ОВ-156/14 колониясына ауыстырылды.

Осы жылдың 3 наурызында Семейдегі №2 сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухатты қанағаттандырды.

19 наурызда ол бостандыққа шықты.

Тақырып бойынша

Тоқаев Мұхтар Жәкішевтің ісі туралы: сот шешімі әділ болатынына сенімдімін
Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты
Кілт сөздер:
денсаулық, карантин, Мұхтар Жәкішев
Загрузка...

Басты тақырып