13:22 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Рамазан айы - 2020 (36)
870 0 0

Наурызбай қажы Тағанұлы көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетіп, еліміздегі мешіттер арқылы ауыз бекіткен отандастарымызға ауызашар тағамдарын таратуға шақырады

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ауызашар тағамын мешіттер арқылы таратуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп берсеңіз де, ауыз аштырғанның сауабын аласыз. Тіпті, көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін шығынды беріп, қаржылай қолдау көрсетсеңіз де, мол сауапқа кенелесіз. Осы ретте барша отандастарымды көмекке мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуге, еліміздегі мешіттер арқылы ораза тұтқан отандастарымызға ауызашар тағамдар таратуға шақырамын", - деді Тағанұлы бүгінгі онлайн брифингте.

Осы орайда бас мүфти "Бақара" сүресінің 148-шы аятын еске алды. Ол жерде  "Әркімнің бір бет алатын құбыласы бар" деп жазылған. Бұдан бөлек, Алланың елшісі: "Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді", - деді бас мүфти.

Тағы оқыңыз: Бас мүфти жамағатқа: осындай шешім қабылдауға мәжбүр болдық

Ол "қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" деген халық даналығын да еске салды.

"Садақа пенденің мал-дәулетін азайтпайды, керісінше, берекесін арттырады. Біз берген садақа бір отбасын қуанышқа бөлейді. Ендеше, көмекке зәру шаңырақты шаттыққа бөлеп, үлкеннің батасын алып, алғысына бөленейік", - деп атап көрсетті Тағанұлы.

 

Тақырып:
Рамазан айы - 2020 (36)

Тақырып бойынша

Рамазан-2020: Ораза кестесі шықты  
Рамазан айының он артықшылығы туралы не білесіз?
Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?
Абаев биыл қазақстандықтар Рамазан айын қалай өткізетінін айтты
Рамазан айында әрбір 15 минут сайын онлайн режимде дұға оқылады
Кілт сөздер:
садақа, сауап, ауызашар, Рамазан
Загрузка...

Басты тақырып