07:53 09 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
843 0 0

Мектеп бітіретін түлектер аттестат табыстау рәсіміне ата-анасымен бірге келе алады, басқа қонақтарды шақыруға тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Қазақстандық түлектер соңғы қоңырау және аттестат алу рәсімінде маска тағып, екі метр ара қашықтықты сақтауы тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында вице-министр Шолпан Қаринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл аттестат табыстау және соңғы қоңырау мерекесі 3-4 маусымға жоспарланған. Оқу мекемелерінің әкімшілігі іс-шараны мектеп ауласында әр бітіруші сыныпқа жеке ұйымдастыруы тиіс.

"Сынып жетекшілері 20 минуттық сынып сағатын өткізеді. Балалар арасындағы ара қашықтық – 1,5-2 метр. Барлық оқушы міндетті түрде маска тағып келуі керек", - деді Қаринова.

Сонымен қатар, вице-министр түлектер аттестат табыстау рәсіміне ата-анасымен бірге келе алатынын атап өтті. Қалған қонақтарды мектепке шақыруға тыйым салынған.

Тағы оқыңыз: Білім министрі ата-аналардың петициясына жауап берді

Бұдан бөлек, мектептерде салтанатты шараны өткізуге аниматорларды, мереке агенттіктерін, жеке студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, автокөлікті жалға алып қалаға экскурсияға шығуға, мейрамхана, дәмхана және басқа да ойын-сауық мекемелерінде бас қосуға тыйым салынды.

1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау

Білім министрлігі биыл 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырауды онлайн режимде өткізуді жоспарлап отыр. Сынып жетекшілеріне қашықтан сынып сағатын ұйымдастыру тапсырылды.

Коронавирус індетіне байланысты 16 сәуірден бері оқушылар мен студенттер қашықтан оқыту форматына ауысты. Қашықтан оқыту оқу жылының соңына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша

Министрлік биыл оқушылар жазғы демалысқа қашан шығатынын хабарлады
Карантин кезіндегі емтихан, ҰБТ және диплом: оқушылар мен студенттер нені білуі тиіс
Кілт сөздер:
мектеп, түлектер
Загрузка...

Басты тақырып