23:28 04 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1954 0 0

Инфекция, негізінен, қашықтан жұмыс істемейтін және карантин талаптарын бұзатын ұйымдарда анықталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Карантин шаралары жеңілдеп, бірқатар ұйым қызметкерлері жұмыс орнына оралғаннан кейін, коронавирус жұқтырғандар саны арта бастады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде жұмысқа шығу кезінде вирус жұқтыру деректері артып жатыр. Мұны карантин шараларының жеңілдеуімен байланыстыруға болады. Мәселен, білім беру жүйесін алайық. Мектептер, университеттер, колледждер толығымен қашықтан оқыту форматына ауысқанын білесіздер. Соның нәтижесінде оқушылар, студенттер мен мұғалімдер арасында вирус жұқтырғандар тіркеліп жатқан жоқ", - деді Сұлтанғазиев онлайн брифингте. 

Айтуынша, инфекция, негізінен, қашықтан жұмыс істемейтін және карантин талаптарын бұзатын ұйымдарда анықталып жатыр. 

Ол Қазақстан бойынша жұмысын жандандырған ұйымдар арасында 10 мың рейд жүргізілгенін атап өтті. Нәтижесінде бір мыңға жуық түрлі заңбұзушылық анықталған. Бұл компаниялардың дені тексерістен кейін қызметін тоқтатты, енді біріне айыппұл салынды. 

"Тексеріс жұмыстары одан әрі жалғасады", - деді ол. 

Сұлтанғазиев жұмыс берушілерге қызметкерлердің дене қызуын өлшеп, кіреберісте санитайзер орнатып, ара қашықтықты сақтауға кеңес берді. 

Тағы оқыңыз: Алматыда маскасыз жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

Егер аса қатты қажеттілік болмаса, қызметкерлер үйден жұмыс істегені абзал, деді комитет төрағасы. 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 8 531 адам вирус жұқтырды. Оның тең жартысы, 4 400-і дертінен айықса, 35 адам көз жұмды.

Тақырып бойынша

COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды
Жоспар өзгерді: Жамбыл облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылмайды
Шағын және орта бизнеске 160 миллиард теңге жеңілдетілген кредит берілді  
Оралда балабақшаның екі қызметкерінен коронавирус табылды
Кілт сөздер:
министрлік, вирус, жұмыс
Загрузка...

Басты тақырып