Қоғам

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды

© Sputnik / Владислав ВодневГородской транспорт
Городской транспорт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғамдық көлік қызметі қалыптасқан режимге сай 22 маусым, дүйсенбі күні қайта жанданады деп жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Алдағы демалыс күндері астанада қоғамдық көлік қатынасы тоқтайды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

"Эпидемиялық жағдайдың күрделенуі және коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты демалыс күндері (20-21 маусым) елордада қоғамдық көлік жүрмейді. Автобустарға дезинфекция жасалады. Қоғамдық көлік қызметі қалыптасқан режимге сай 22 маусым, дүйсенбі күні қайта жанданатын болады", - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, барлық қоғамдық орындар – саябақтар, гүлзарлар, жағалаулар мен жағажайлар және т.б. халық көп жиналатын орындар жабылады. Қорғаныс министрлігінің күшімен адам көп жүретін жерлерде ауқымды дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгін үкімет басшысының төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Комиссия 20-21 күндері еліміздегі қалалар мен кейбір өңірлерде шектеу шарасын енгізу туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында:

  • сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар жұмысын тоқтатады;
  • тек ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат етіледі, әлеуметтік ара қашықтық сақталуы тиіс;
  • қоғамдық көлік жұмысы шектеледі;
  • қоғамдық орындар – саябақтар, скверлер, жағалаулар, жағажайлар мен аквапарктер жабылады;
  • фитнес-орталықтар уақытша істемейді;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.

Оқи отырыңыз: Үкімет басшысы коронавирус індетіне қатысты шұғыл тапсырма берді

Сонымен қатар, халық саны 50 мың адамнан асатын елді мекендерде саябақтар, скверлер, жағалаулар мен аквапарктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Жаңалықтар
0