19:48 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1221)
317 0 0

Алматы қаласының бас санитар дәрігері қазіргі кезде үйінде оқшауланып, жұмысын қашықтықтан жалғастыруда

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің коронавирус сынамасы теріс нәтиже көрсетті. Бұл ақпаратты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қалалық департаменті растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитар дәрігер коронавирус тестінің теріс нәтижесін алған сәттен бастап бір аптаден бері үйінде карантинде отыр.

"Ауру симптомсыз, жеңіл түрде өтуде, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Жұмысын қашықтықтан жалғастыруда", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Эльмира Омарова.

Айта кетейік, Жандарбек Бекшин біраз уақыт Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметін атқарған. Ал коронавирус пандемиясы басталғаннан кейін Алматы қаласына ауыстырылған болатын.

Билікте тағы кім вирус жұқтырды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та коронавирус жұқтырды. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ деген болатын. Айтуынша, Назарбаев өзін оқшаулаған, жағдайы жақсы.

Бұдан бөлек, індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Оқи отырыңыз: Вице-премьер Тоғжанов коронавирустан емделіп шықты

Бүгінде олардың дені қашықтан жұмыс істеп жатыр, кейбірі емделіп шықты.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1221)

Тақырып бойынша

"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Алматыда инфекциялық ауруханалар 95%-ке толды - Бекшин
Алматыда блок бекеттер қайта қойыла ма – Бекшин жауап берді
Назарбаев COVID-19 жұқтырды: Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып