03:43 11 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.31
  • EUR491.93
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1375)
777 0 0

Министр COVID-19 індетін жұқтырған мұғалімдердің бар екенін растағанымен, олардың санын нақтылаған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің коронавирус жұқтырғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер коронавирус жұқтырған мұғалімдердің бар-жоғын сұрады. Министр ондай науқастардың нақты санын айтқан жоқ. Бірақ COVID-19 жұқтырған мұғалімдердің бар екенін растады.

Білім және ғылым министрі бұл мәселе бойынша денсаулық сақтау министрлігімен сөйлескен. Ал төртінші тоқсанда барлық мұғалім үйден жұмыс істегені де белгілі.

"Біз "ондай проблема (коронавирусты жұқтыру) жоқ" деген ақпарат алдық. Бірақ қалай болса да, жазғы уақытта еңбек демалысында жүріп, осы вирусқа шалдыққан әріптестеріміз, өкінішке қарай, бар. Дегенмен, оны қашықтан оқытумен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ", – деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда барлығы 61 755 науқас тіркелді. Оның 25 448-і емделіп жатыр. 35 911 пациент жазылып шықты. Осы уақытқа дейін коронавирустан көз жұмған 396 науқас тіркелген.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту: мұғалімдер мен оқушылар арнайы тарифпен сөйлеседі

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1375)

Тақырып бойынша

Қашықтан оқу кезінде мұғалімдер есеп бермейді – министр
"Мұғалімдер қобалжыды": Білім министрлігі ата-аналардан кешірім сұрады
Қазақстандық мұғалімдер арнайы курстан өтеді
Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды
Мұғалімдер үшін арнайы мемлекеттік награда бекітіледі
Кілт сөздер:
коронавирус, мұғалімдер
Загрузка...

Басты тақырып