06:27 17 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD385.16
  • EUR425.95
  • RUB6.01
Даниэль Джейкобс

Головкин айырылып қалған IBF титулы үшін жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды

© AP Photo / Rich Schultz
Спорт
Қысқа сілтеме алу
960 0 0

Жекпе-жек америкалық Дэниэл Джейкобс пен украин боксшысы Сергей Деревянченконың арасында өтеді

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. IBF бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс пен украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченконың арасында 10 қарашада өтеді, деп жазады Sports.kz.

Бұл жекпе-жек HBO телеарнасындағы бокс кешінің басты кездесуі болмақ. 

Жекпе-жектің қайда өтетіні әлі белгісіз. Дегенмен ESPN тілшісі Дэн Рафаэль дереккөздерге сілтеме жасап хабарлағандай, қос боксшы Нью-Йорк қаласы сыртындағы Nassau Veterans Memorial Coliseum рингінде жұдырықтасуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетсек, Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жегінен бас тартқан соң, осы IBF чемпиондық белдігінен айырылып қалған болатын.

Головкин: Маған бокс қызық болмай барады

Кілт сөздер:
жекпе-жек, кәсіпқой бокс, чемпиондық белдік, Геннадий Головкин, Нью-Йорк
Загрузка...

Басты тақырып