02:37 24 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.34
  • EUR427.25
  • RUB5.88
Бекболат Тлеухан

"Аты бар, заты жоқ". Бекболат Тілеухан садақ ата алмаған батырларды сынады

Пресс-служба партии "Нұр Отан"
Спорт
Қысқа сілтеме алу
491 0 0

Елімізге жыл сайын садақ атудан әлем чемпиондары шақырылатын болады

АСТАНА, 29 тамыз  Sputnik. Елімізде ат үстінде отырып садақ ату спорты қолға алынбақ. Бүгін Қазақстан мен Жапония арасында осы спорт түрін дамыту туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚР мәжіліс депутаты, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан айтты, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

Депутаттың пікірінше, бұл спорт түрі көпке дейін Қазақстанда қолға алынбай келді. Десе де, ол қазақтың ежелгі өміріне тән спорт түрі болғандықтан, қазіргі жастар оны бірден игеріп кетіп жатыр.

"Негізінен ат үстінен садақ атуды дамытуды біздің ел кеш қолға алды. Осы спорт түрін біз бірінші кезекте батырлар жырынан оқимыз. Батыр ат үстінде шауып бара жатыр, қолында садағы бар. Аты бар, заты жоқ. Енді осыны қолға алу үшін біз жаңағы спорт дамыған елдерге зер салдық. Бұл спорт түрінен бірінші орында Моңғолия тұр. Естеріңізде болса, 2014 жылы осы мәселеге байланысты Түркістан қаласында конференция өтті.

Спортшылар үшін дайындық шараларын ұйымдастырып, Моңғолиядан үздік спортшыны шақырдық. Бұл біздің жігіттердің қанында бар нәрсе. Үш жыл ішінде мергендеріміз тез үйреніп алды. Оларға осы нәрсені ұйымдастыратын адам ғана жетіспей келді. Жаңағы дайындыққа қатысқан спортшылар ішінде қолына садақты алғаш ұстағандардың өзі осыны әлемдік деңгейде меңгеріп, жақсы нәтиже көрсетті. Бұл қазақтың қанында бар нәрсе",  деді мәжіліс депутаты орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Пәктігін сатқан қыздар Бекболат Тілеуханды шошытты

Сондай-ақ, ол биыл Жапония елімен бірге ат үстінде отырып садақ ату спортын дамытуды қолға алып жатқандарын жеткізді. Конституция күні қарсаңында халықаралық ат үстінен садақ ату альянсы мен республикалық спорт түрлері қауымдастығы арасында осы спортты насихаттау жөнінде меморандумға қол қойылды.

"Бұйырса, осы халықаралық садақ ату альянсы деп аталатын ұйымға мүше болғалы отырмыз. Осы ұйымға мүше болу арқылы жыл сайын ұйымдастырылатын шараларға дүниежүзілік чемпион мергендерді шақыратын боламыз. Бұл халықаралық жарыстарға мол тәжірибе жинауға көмектесетіні сөзсіз",  деді Бекболат Тілеухан.

Тақырып бойынша

Бекболат Тілеухан туралы не білеміз?
Кілт сөздер:
ат, ату жарысы, батыр, чемпион, спорт, Бекболат Тілеухан, Жапония, Моңғолия, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып