07:59 20 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD366.43
  • EUR420.11
  • RUB5.58
Билли Джо Сондерс

Головкиннің салмағындағы чемпиондық белбеу бос қалды

© REUTERS / Matthew Childs
Спорт
Қысқа сілтеме алу
470 0 0

Сондерс допингпен ұсталуына байланысты WBO чемпионы титулын қайтарып беруге мәжбүр болды

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Пако Валькарсель орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерске (26-0, 12 КО) қатысты қабылданған шешімді жария етті, деп хабарлады Sports.kz.

Британиялық боксшының қанынан допинг (оксилофрин) табылып, оның Бостондағы (АҚШ, Массачусетс штаты) америкалық  Деметриус Андрадемен (25-0, 16 КО) жекпе-жегі тоқтатылды – штат комиссиясы Сондесрке бокс лицензиясын беруден бас тартты.

"Билли Джо Сондерс орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын өз еркімен босатып, Массачусетс штаты комиссиясының допингке қарсы ережесін бұзғаны үшін жұрт алдында кешірім сұрады. Осылайша, 20 қазанда Деметриус Андраде мен Уолтер Каутондоква бос қалған "тәж" үшін айқасады. Сондай-ақ мен WBO атқарушы комитетіне Сондерсті заң бұзғаны үшін алты айға бокстан шеттетуге кеңес беремін", — деп жазды Валькарсель твиттердегі парақшасында.  

Көптеген шетелдік БАҚ Сондерс орта салмақтағы едәуір атақты боксшылар – қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) жұдырықтасатын жалғыз мүмкіндігінен айырылғанын жазып жатыр.   


Тақырып бойынша

Сондерс: Құдайым, өтінемін, Головкин Альваресті жеңсе екен
"Ол Мэйвезердің өзін "тонамақ" болды". Сондерс Головкинді сақтандырды
Сондерс Головкин - "Канело" жекпе-жегіне болжам жасады
Сондерс Лемьені жеңгеннен кейін Головкинді жекпе-жекке шақырды
Сондерс Головкинді ұлы боксшы деп атады
Кілт сөздер:
белбеу, әлем чемпионы, чемпион, WBO, Сондерс, Геннадий Головкин
Загрузка...

Басты тақырыптар