23:36 14 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD370.04
  • EUR420.99
  • RUB5.58
Бекболат Тілеухан

Бекболат Тілеухан туралы не білеміз?

© Sputnik / Болат Шайхинов
Дерекқор
Қысқа сілтеме алу
Өмірбаяндар (19)
1355620

Белгілі қоғам қайраткері, депутат, жыршы, әнші Бекболат Тілеуханның өмірбаянын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

Бекболат Тілеуханның өмірбаяны

Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған. Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері. 

Білімі – жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "концерт орындаушы" мамандығы бойынша, ал 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін "инженер-металлург" мамандығы бойынша бітірді.

1996 жылдан 2001 жылға дейін президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. 

2000 жылдардың басында еліміздің мәдениет саласында бірқатар лауазымды қызмет атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, мәдениет вице-министрі болды.

Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеухан халықтың тұрмысы жақсарғанын айтты

2004 жылдан бастап "Нұр Отан" партиясына мүше. 

2016 жылдың 24 наурызынан бері VІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті. 

Бекболат Тілеухан бұған дейін Мәжілістің ІІІ және ІV шақырылымында депутат болған. 

1996 жылы мемлекет басшысы жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағы берілді. "Парасат орденімен", "Қазақстан конститутциясына 10 жыл", "Қазақстан парламентіне 10 жыл", "Астанаға 10 жыл", "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медальдерімен марапатталған.

Айтары бар депутат

Қоғам қайраткерінің сақалын сөз ететіндер көбейіп, елді адастырып жүр деп те сынағандар болды. 

Білім және ғылым министрлігінің жұмысын жиі сынайтын халық қалауларының бірі. Білім министрінен бастауыш сынып оқушыларына "Әліппені" қайтаруды сұрап, мектептегі үштілділікке шүйліккен еді. Сондай-ақ, оқулықтардағы кемшіліктерді айтып, білім министрлігінің басшысы Ерлан Сағадиевті баспасөз бетінде жекпе-жекке де шақырған болатын. 

Тағы оқыңыз: Сағадиев Тілеуханмен "жекпе-жекке" шығуға қарсылық танытпады

Қоғамда резонанс тудырған оқиғаларға қатысты пікірін білдіріп, үн қатып жүретін депутат. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қазасына байланысты бас прокуратура мен ішкі істер министрлігіне жүгініп, көлік бөлшектерінің саудасын қатаң тексеру қажеттігін айтты. 

"Елім менің" шығармашылық кеші

2017 жылы Алматыдағы Республика сарайында Бекболат Тілеуханның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған "Елім менің" шығармашылық кеші өтті. Концертте Бекболат Тілеухан жыраулардың жауһар жырларын орындады. Шалкиіз, Ақтамберді, Доспамбеттің жырларымен жиналғандардың құлақ құрышын қандырды. Абай Құнанбайұлы мен Дулат Бабатайұлының мәнді де мағыналы жырлары орындалды. 

Тағы оқыңыз: Бекболат Тілеухан "ісін жақсы білетін" министрді сөйлетіп қойды

Бекболаттың Тілеуханның отбасы

Жиындардың бірінде қоғам қайраткері 11 перзенті бар екенін айтып, ағынан жарылған еді. Парламент мәжілісінің сайтындағы депутаттың өмірбаянында да алты ұлы мен бес қызының бар екені жазылған. Ашық дереккөздерде оның тек үш баласының есімдері көрсетілген. 

Ұлдары – Нұрмұханбет, Нұрдәулет, қызы – Зейнеп. Зайыбы – Несіпбай Раушан Төлеутайқызы (1966 жылы туған), өнертану ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті.

 

 

Тақырып:
Өмірбаяндар (19)

Тақырып бойынша

Бекболат Тілеухан: Жақып Асановтай азаматтар көп болса екен!
Бекболат Тілеухан: қазір көп жер өз мақсатына сай пайдаланылмай жатыр
Денис Теннің қазасы: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді
Бекболат Тілеухан: текті өнерге ерекше күтім мен қамқорлық керек
Бекболат Тілеухан: қазақстандық жұлдыздар көкпар тартады
Бекболат Тілеухан: америкалықтар көкпар тартып, қытайлар аударыспақты мойындады
Кілт сөздер:
жыршы, өмірбаян, отбасы, әнші, мемлекет және қоғам қайраткері, депутат, Ерлан Сағадиев, Бекболат Тілеухан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырыптар