14:42 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Тақырып бойынша жаңалықтар Мәлік Ғабдуллин

Мәлік Ғабдуллин - қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ғылым академиясының академигі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында кедей шаруа отбасында туған. 1935 жылы Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтты бітіреді. 1936 жылы әскер қатарына барып, борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

Мәлік Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ғылым академиясының Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары кеңес әскерінің генерал Иван Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада" жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институттың ректоры (1951-63), 1963-1973 жылдары Қазақ КСР ғылым академиясының Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.

1 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы