05:32 05 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Тақырып бойынша жаңалықтар Шота Уәлиханов

Еліміздің басты символы - Мемлекеттік Елтаңбаның, Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің авторы, сәулетші, ақын, ғалым әрі қоғам қайраткері Шота Уәлиханов 1932 жылы 26 сәуірде Көкшетау өңіріндегі Айыртау ауданы, Сырымбет ауылында дүниеге келген. Шота Уәлиханов атақты Абылайханның ұрпағы. Абылайдың бір баласы Қасымханнан тарайтын Кенесары–Наурызбаймен де туыстас. Шотаның әкесі Ыдырыс – Шоқанның інісі Мақының баласы. Ал Мақы Петербургта оқып, білім алған, танымал суретші болған кісі.

Шота Уәлиханов (басқа әріптестерімен бірге) еліміздегі көптеген ғимараттың, монументтің және жиырмадан астам ескерткіштің авторы. Олардың қатарында Алматыдағы "Универсам" дүкені, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ғимараты, "Казгипрозем" үйі, Шоқан Уәлиханов, Тоқаш Бокин, Абай, Ғани Мұратбаев, Әліби Жангелдин, Ахмет Байтұрсынов, Кенесары Қасымов және тағы басқа ескерткіштер бар. Оның ішінде ерекше атап өтетіні, еліміздің басты символы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. 1993 жылы Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлихановтың бұл қастерлі туындысы ұлт жүрегінен ойып тұрып орын алары хақ.

Шота Ыдырысұлының басқаруымен бір топ мүсінші мен сәулетші, құрылысшы мен инженер жасап шығарған Алматыдағы Тәуелсіздік монументі – шоғыр ескерткіштердің ішіндегі шоқтығы биігі. Ол сәулет, мүсін және инженерлік өнерді тоғыстырған сәулеттік кешен.

1 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы