13:51 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Тақырып бойынша жаңалықтар Иманғали Тасмағамбетов
Имангали Тасмагамбетов

Иманғали Тасмағамбетов - Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, 2017 жылдың ақпанынан Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі. Қарапайым ауыл мұғалімінен премьер-министрге дейін көтерілді. Иманғали Тасмағамбетов - сөзге шешен санаулы шенеуніктердің бірі. Айталық, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған салтанатты шарада "Елбасы елорданы Алатаудан Ар¬қа¬ға көшірмегенде, қазақ ендігі "Еділді" емес, "Есілді" жоқтап қалар ма еді" деп көкейге қонымды сөзді тауып айтқан еді. Сондай-ақ Тасмағамбетовті жұрт қазақ тілінің жанашыры ретінде де жақсы біледі. ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тұрғанда алқалы жиындардың бірінде: "Біз осы күнге дейін, қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз. Жалпы қазақ тілі деген халықтың жаны. Бұдан артық айта алмайсың", - деп айтқан сөзі әлі күнге ел аузында жүр.

10 Нәтижелер
  • Жаңа
  • Таңдаулы