07:56 18 Ақпан 2019
Тікелей эфир
  • USD377.62
  • EUR426.03
  • RUB5.67
шай

Шайдың сіз білмейтін 6 зияны

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
276310

Ғалымдардың тұжырымынша, тым ыстық шай мен қою шай ағзаға зиян

АСТАНА, 2 қыркүйек  Sputnik. Әлемде күн сайын шамамен 3 миллиард адам шай ішеді. Біз бәріміз сүйіп ішетін сусынның пайдалы қасиеттерін білсек те, оның зиянды тұстарына үңіле бермейміз. Шайдың денсаулыққа теріс әсерін зерттеп көрген ғалымдар сусынның бес зиянын анықтады. 

1. Ыстық шайдан қан кетуі мүмкін

Британиялық отоларинголог және пластикалық хирург Генри Шарп қатты ыстық шай мұрын-жұтқыншақ қан тамырларына теріс әсерін тигізуі мүмкін екенін айтады. Шайдан шығатын бу оларды кеңейтіп, салдарынан мұрыннан қан кетеді.

Жалпы алғанда, сусын үшін ең жақсы температура 50-60 °С саналады. Кесеге құйылған шайды бөлме температурасында 5-7 минут тұрғаннан кейін ішкен пайдалы.

2. Тым қою шай тіс пен сүйекті бұзады

The New England Journal of Medicine басылымы тым қою шай ішуді әдетке айналдырған бірнеше пациенттің оқиғасын жариялады. 17 жыл бойы күн сайын шайды 100-150 "пакетикпен" демдеп ішкен 47 жастағы әйелдің денсаулығы сыр берген. Аз уақыт ішінде ол барлық тісінен айырылып, сүйектері сынғыш бола бастаған. Бұл сүйек флюорозасының белгілері екен. Қою шайды көп ішкеннен сүйектерге фтор жиналады. Сондықтан диетологтар күніне 4-5 кеседен артық шай ішпеуге кеңес береді.

3. Шайдың құрамында ауыр металдар кездесуі мүмкін

2013 жылы токсикологтар қалта шайының құрамын зерттеп, ауыр металдар  алюминий, күшәла, кадмий және қорғасын барын анықтады. Олардың болжамынша, бұл металдар шай жапырағына ластанған топырақ арқылы түседі. Шай плантациялары көп жағдайда көмір электр станцияларының маңында орналасады.

Мамандар адамның өлетін күнін маңдайындағы әжімге қарап анықтады

Сусындағы металл концентрациясы демдеу уақытына байланысты. Мәселен, егер бір қалта шайы 15-17 минут суда тұрса, онда уытты заттар мөлшері қауіпті деңгейге көтеріледі екен.

Ғалымдар мынадай тұжырымға келді: шай қаншалықты ұзақ демделсе, суға шығатын зиянды заттар да соншалықты көп болады. Сондықтан қалта шайын 3 минуттан артық суда ұстамаған абзал.

4. Шай кейде бауырға зиянын тигізеді

Шөп шайы көп жағдайда гүлді өсімдіктердің кейбір түрінде кездесетін пирролизидинді алкалоид  токсиндарды сіңіреді. Бұл токсиндер адам ағзасына, әсіресе бауырға теріс әсерін тигізеді. 2015 жылы америкалық Food Chemistry журналы сәбилер, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге арналған шөп шайларының 44 үлгісін зерттеді. Нәтижесінде үлгілердің 86 процентінде пирролизидинді алкалоид табылған.

5. Тамақтан кейін шай ішу темір жетіспеушілігіне әкеп соғады

Егер үнемі ыстық тамақтан кейін шай ішсеңіз, онда темір тапшылығына тап болуыңыз әбден мүмкін. Оның салдары өте ауыр: тері нашарлап, шаш түсуі жиілейді, бойыңызды әлсіздік билеп, анемияға алып келеді.

Сондықтан дәрігерлер таңғы, түскі және кешкі астан кейін бірден шай ішпей, 20 минут күтуге кеңес береді.

6. Шай ұйқысыздыққа әкеп соғады

Бұған шайдың құрамындағы кофеин мен хош иістендіргіш заттар себеп. Ыстық сусынның сергіткіш әсері физиологиялық негізге ие: тамыр соғысы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды, бүйрекүсті бездері адреналинді көп бөледі, орталық жүйке жүйесі мен ми жұмысы күшейеді.

Сондықтан түнде шөп шайын ішкен абзал. Көк шай мен қара шайға қарағанда, оның құрамында кофеин аз.

Тақырып бойынша

Дәрігерлер зәр орнына шай тапсырған "науқасқа" нәтижесін жазып берген
Омарташы Елбасын балмен шай ішуге шақырды
Қазақстанда шай саңырауқұлағынан сусын өндіріледі
Ыстық шайдың ешкім күтпеген пайдасы анықталды
Ғалымдар жалғыздықтан арылуға көмектесетін көлік түрін анықтады
Ғалымдар қорқынышты түсті "өшіріп тастаудың" жолын тапты
Ғалымдар ең қауіпті азық-түлікті анықтады
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады
Ғалымдар тіс пастасының қаупін айтты
Ғалымдар күйзелістен арылуға көмектесетін тағам түрлерін атады
Ғалымдар жымиюдың тағы бір пайдасын анықтады
Кілт сөздер:
шай, шаш, денсаулық, сусын, ғалымдар
Загрузка...

Басты тақырыптар