13:13 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Жансақтау

Жантүршігерлік жол апатында мойыны үзіліп кеткен әйел тірі қалды

CC0
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
1004 0 0

Әйелдің көлігін екінші авто қаққан кезде, қатты соққыдан мойын омыртқасы үзіліп кетіпті

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Сидар-Спрингз қаласында жол апатынан мойыны үзіліп кеткен әйел тірі қалды, деп хабарлайды РИА Новости.

Жол апаты тамыз айында болыпты: Лила Делайнның көлігіне басқа бір авто келіп соғылып, салдарынан әйел адамның омыртқасы бассүйегінен ажырап кетеді.

Дәрігерлердің айтуынша, жол апатына куә болған күйеуі, жанына жүгіріп барып, дұрыс демалуы үшін басын ұстап тұрғанының арқасында Делайн аман қалыпты. 

Ауруханаға хирургы — Доктор Чарльз Гибсон айтқандай, басын шауып түсіргендеймен бірдей мұндай ауыр жарақаттан адамның тірі қалуы екіталай.

Бастапқыда америкалық әйел сал болып, төсек тартып жатты, бірақ көп ұзамай беті бері қарап, қазір өзі жүріп-тұра алады, жаттығу жасайды.

"Әрі қарай өмірім жасанды тыныс алдыру аппараты және жөргекпен шектеліп, тілдесуден қаламын ба деп қорықтым", — деп мойындайды Делайн.

Жол апатына айыпты жүргізушіні жол ережесін бұзу салдарынан адам денсаулығына ауыр зиян тигізгені үшін айыптап, жергілікті шериф кеңсесіне шағым түсірді.

Тақырып бойынша

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам өлді
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: мотоцикл жолаушысы аяғынан айырылды
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі әйел ауруханада жатыр
Астанадағы жол апаты: жас жігіт оқиға орнында көз жұмды
Кілт сөздер:
тірі қалу, мойыны үзілу, әйел, дәрігерлер, жол апаты, АҚШ
Загрузка...

Басты тақырып