07:40 21 Наурыз 2019
Тікелей эфир
  • USD378.17
  • EUR429.11
  • RUB5.88
Әйел жылап отыр, иллюстративті фото

Автобустағы шудан оянып кеткен қыз болған жайтты көріп, жылап жіберді

CC0 / rebcenter-moscow
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
922505

Шаштараз автобус жолаушысының шашын қасақана кесіп тастаған. Ер адамға қыздың ұзын шашы тізесіне тигені ұнамай қалған

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Қарт адам автобуста қыздың шашын кесіп тастағаны үшін қамауға алынды, деп жазды South China Morning Post. 

Оқиға Гонконгта болды. Автобуста ұйықтап отырған қыздың тым ұзын шашы ер адамның ашуын келтірген – қыздың шашы оның тізесіне тиіп тұрған.

Ол сөмкесінен қайшы алып шығып, оның шашын бірнеше сантиметр кесіп тастайды.

Басқа жолаушылар оны байқап қалып, шу шығарған, оянып кеткен бойжеткен шашын көріп жылап жіберген.

Автобус жүргізушісі полиция шақырды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 65 жастағы ер адамнан қайшыны қайдан алғанын сұрағанда, шаштараз болып жұмыс істеймін деп жауап беріпті.  

Кілт сөздер:
қыз, шаштараз, автобус, Гонконг
Загрузка...

Басты тақырыптар