12:27 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Денис Теннің қазасы (101)
2027 0 0

Шерхан Байзенов жұмыстан қуылуы мүмкін. Ол өз айыбын мойындады

АСТАНА, 23 шілде — Sputnik. Әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін Батыс Қазақстан облысы тұрғыны Шерхан Байзеновке қарсы қылмыстық іс қозғалды.

25 жастағы Байзенов Зеленов ауданы Белес ауылының орта мектебінде физика пәнінен сабақ береді екен. 20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің портретін шығарып, "сол қытайды өлтірген" қылмыскерлерді мақтаған.

Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін БҚО әкімдігінің қызметкерлері Шерхан Байзеновке назар аударады. Ер адамды тез тауып алып, Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы "Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру" бойынша айып тағады.

Содан кейін әлеуметтік желіде 21 шілдеде шыққан құжаттың суреті пайда болды. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, Байзенов жасаған ісін мойындап, сотта ешқайда шықпау туралы қолхат беріп, босатылған екен.

Бұдан бөлек, кешірім сұрап видео үндеу түсірген.

Мұғалім мектептегі қызметін жалғастыра ма?

Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы Sputnik агенттігіне берген мәліметінде қылмыстық істің қозғалғаны туралы деректі растады.

"12 тамызға дейін еңбек демалысында жүр. Демалыстан келген соң оны жұмыстан шығару туралы мәселе шешіледі", — деп ақпарат берді басқарма.

Олардың айтуынша, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтарға балалармен жұмыс істеуге болмайды.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 19 шілдеде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Спортшы тұрақта тұрған автокөлігіне келе жатып, көліктің айнасын ұрламақ болған қаскөйлерді көреді. Ұрылардың соңынан қуып, тоқтатпақ болғанда, пышақ жарақатын алған.

Денис Теннің өлімі: Бекболат Тілеухан құзырлы органдарға жүгінді

Көп қан жоғалтқан спортшы ауруханаға түскеннен кейін екі сағаттан соң көз жұмды.

Денис Тенді аман алып қалу мүмкін бе еді?

Жұма күні таңертең спортшыны өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Нұралы Қиясов ұсталды. Күдікті кінәсін мойындады. Жамбыл облысының тумасы бұған дейін де сотты болған. Ал екінші күдікті – 23 жастағы Қызылорда облысының тумасы Арман Құдайбергенов сол күні кешке ұсталды.

Денис Тен ажал құшқан күні Арман Құдайбергенов Астанада сотқа келуге тиіс болатын

Тақырып:
Денис Теннің қазасы (101)

Тақырып бойынша

Токио халқы Денис Тенді еске алу үшін кезекке тұрды
Қазақстандық спортшы турнирдегі жеңісін Денис Тенге арнады
Алматы халқы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды (фото)
Денис Теннің өлімі: Күдікті сотта не айтты?
Желіде Денис Теннің әні жарияланды
Денис Теннің қазасы: Назарбаев тапсырма берді
Денис Теннің өліміне кім кінәлі? Қасымовтың отставкаға кетуімен мәселе шешіле ме?
Кілт сөздер:
жұмыстан шығару, қылмыстық іс, қылмыскер, мұғалім, Денис Тен, Батыс Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып