18:37 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
ТАҚЫРЫП

Алматы маңындағы ұшақ апаты

28 желтоқсан таңертең Алматы түбінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуежайдан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады. 

Ұшақтың ішінде 93 жолаушы, соның ішінде төрт шетелдік азамат және 5 экипаж мүшесі болған. Мемлекеттік органдар ресми түрде қайғылы оқиғадан 12 адамның қаза тапқанын хабарлады. 50 адам ауруханаға жатқызылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтып, кінәлі адамдар қатаң жазаланатынын айтты. Президент 28 желтоқсанды жалпыұттық аза тұту күні ретінде жариялады. Толығырақ Sputnik Қазақстан материалдарынан оқыңыз.